Қазақстанда шағын және орта бизнестің экономикаға қатысуы 36,5%-ға дейін өсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы жылдары жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнес үлесінің өсуі байқалады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша Үкімет бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту және әкімшілік жүктемені азайту шараларын, кәсіпкерлік секторды мемлекеттік ынталандыру шараларын да іске асырып жатыр.

— Кәсіпкерлікті дамыту – ұлттық экономиканы орнықты дамытудың маңызды факторы. Ресми статистика деректеріне сәйкес, соңғы жылдары жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнес үлесінің өсуі байқалады. 2021-2023 жылдары қазақстандық шағын және орта бизнестің экономикаға қатысуы 33,5%-дан 36,5%-ға дейін 3 пайыздық тармаққа өсті. Өткен жылы жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10,4%-ға артып, 4,3 млн адамға жетті, — деді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысындағы баяндамасында.

Бүгінгі таңда бизнесті мемлекеттік қолдаудың сұранысқа ие шараларының бірі – «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары болып отыр. 2023 жылы кредит сомасы шамамен 1 трлн теңге болатын 12 мыңнан астам бизнес жобасы кредиттерді субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен қамтылды. 340 млрд теңгеге 8 мың жоба бойынша кепілдік берілді.

Қаржылық емес қолдау аясында 10 мыңға жуық кәсіпкер оқытылды, кәсіпкерліктің түрлі мәселелері бойынша 166 мыңнан астам консультация берілген.

— Биылғы бюджетте шағын және орта бизнестің 40 мың жобасын және 20 мың жаңа жобаны қолдауға шамамен 300 млрд теңге көзделді. Өңірлер бөлінісінде субсидиялау жобаларының басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Алматы және Ақтөбе облыстарында іске асырылды. Ал Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарында жоба аз. Салалар бойынша өңдеу өнеркәсібі, көлік, қоймалау және білім беру жобалары басым, — дейді Ұлттық экономика министрі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz