Петропавл қаласына жаңа прокурор тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Бас прокурорының өкімімен Петропавл прокуроры болып Тыныбек Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тыныбек Сапаров 2019 жылдан бастап осы күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарған.

Тыныбек Әнуарбекұлы 1986 жылы СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, Еремеевка елдімекенінде дүниеге келген.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органына 2009 жылы келіп, Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі болды. Кейін Айыртау ауданы прокурорының көмекшісі, соттарда мемлекет мүдделерін білдіру басқармасының және СҚО прокуратурасының қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы басқармасының прокуроры және Тайынша ауданы прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz