ЖОО-ны бітірген 50 студент денсаулық сақтау мекемелеріне жұмысқа қабылданады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірдегі денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзегін жоймай келеді. Бүгіндері облысқа 140 білікті маман жетіспейді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен жылы өңірдегі медицина мекемелері 201 маманмен толықса да, кадр тапшылығы байқалады. Әсіресе білікті дәрігерлер ауылдардағы емдеу ұйымдарына қажет.

– Өткен жылы облыс бюджеті есебінен 30 адам резидентурада білім алуға жіберілді.  Биыл докторантура мен резидентураны тамамдаған 50 студентті жұмысқа орналастыру жоспарда бар. Теріскейге келген мамандарға барлық жағдай жасалмақ. Ауылдық емдеу мекемелеріне қызметке алынғандарға 5 млн. теңге, қаладағы денсаулық сақтау ұйымдарына орналасатындарға 3,5 млн. теңге көлемінде көтермеақы беру көзделген, — дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлауқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz