«Қызылжар» ФК-ның бюджеті – 2 млрд. теңге  

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қызылжар» футбол клубының Түркиядағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Бұл туралы футболдан облыс командасының прзединті Григоря Лория мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қарасай» стадионының баспасөз орталығында «Қызылжар» клубының президенті Григорий Лория журналистерге сұхбат беріп, команданың алдағы маусымға дайындығы туралы баян етті. Оның сөзінше, оқу-жаттығу жиыны екі кезеңнен тұрады. Алғашқысын жергілікті ойыншылар сәтті аяқтап, қатарға жаңа футболшыларды қосып үлгерді.

– Команданың негізгі құрама толыққанды жасақталуға жақын. Қазір бас бапкеріміз Әли Әлиев кейбір позицияларға қажетті ойыншыларды қарап жатыр. Биыл қатар легионерлермен қатар, жергілікті футбол орталығының аяқдопшылары алынады. Оқу-жаттығу жиыны басталмас бұрын өткен маусымда өнер көрсеткендермен қошайтыстық. Негізгі себебі – олар жаттықтырушыны өз ойынымен қызықтыра алмады, — дейді Григорий Лория.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, биылғы футбол маусымында «Қызылжар» клубының бюджеті 2 млрд. теңгені құрамақ. Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.

– Бізге берілген қаражаттың дені футбол орталығын дамытуға, негізгі команданың ойыншыларына жалақы төлеуге жұмсалады. Сондай-ақ биыл жастарымыз QJ лигасында өнер көрсетеді. Теңдесіз жоба жас ойыншыларды кәсіби жағынан дамытуға таптырмас құрал, — деді клуб президенті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz