СҚО полицейлері ауыл тұрғынының үйінен бір келіден астам есірткі тәркіледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында аса ірі көлемде марихуананы тәркіледі. Енді 55 жастағы солтүстікқазақстандық 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің тұрғынының үйінен полицейлер өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған 8 полимерлік түйіншекті анықтады. Дәл осындай зат қағаздан жасалған екі ораманың ішінде болды. Оның жалпы салмағы 1 келі 22 грамды құрады. Сараптама нәтижесі оның кептірілген марихуана екенін көрсетті.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру фактісі тексеріледі, – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Жыл басынан облыс полицейлері 27 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті, оның 11-і – өткізу фактісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz