Оқушылар сарайында «ХимоКвиз» атты облыстық байқау өтті. Оған 9-шы сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биылғы байқауға 20 команда қатысуға ниет білдірді. Оқушыларға химия пәні бойынша сұрақтар қойылып, тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
Байқауда бірінші орын — бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейіне бұйырса, күміс жүлдені – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің командасы иеленді. Үздік үштікті Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері тұйықтады.