СҚО кәсіпкерлер палатасы «Мен кәсіпкер» құралы көмегімен бизнесті дөңгелетіп отырған іскер азаматтарға тегін кеңес беріп, «Кәсіпке бағыт» жобасы шеңберінде қыз-келіншектерге ұсынылатын қызметтер жайлы ақпарат беру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Биыл облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнесті дамытуға бағытталған апта сайынғы тегін шеберлік сағаттар мен семинарларды өткізе бастады.
– Палатада «Payle» компаниясының персонал жөніндегі директоры Алена Петрованың шеберлік-сағаты ұйымдастырылды. Спикер «Кандидатты 30 минут ішінде қалай бағалауға болады?» деген тақырыпта кәсіпкерлермен кездесті. Бұл кездесудегі ақпарат HR-қызметтердің басшылары мен жұмыс берушілер үшін пайдалы болды. «Эдванс» бухгалтерлік фирмасының директоры Юлия Максаймер «Шағын бизнестегі салық есептелігі» атты семинар өткізді. Ол салық заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы баяндап, қаржыны тиімді пайдалану жөнінде кеңестерін айтты. Сондай-ақ өңірге танымал коуч, тәлімгер Ирина Богдашева да коуч-шеберханасын өткізіп, тәжірибесімен бөлісті, – дейді әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының менеджер-кеңесшісі Ирина Васильева.
Ирина Васильеваның айтуынша, мұндай кездесулерде спикерлерден көптеген пайдалы ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар жаңа іскерлік және жеке байланыстарды орнатуға болады.