Денсаулық сақтау мекемелері 43 флюрографиялық қондырғымен қамтылған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдағы фтизиопульмонология орталығына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстың медицина мекемелері туберкулезді дер кезінде анықтауға қажетті қондырғылармен жабдықталған. Бүгіндері өңірде 43 флюорографиялық аппарат жұмыс істеп тұр. Фтизиопульмонологиялық орталықта жаңа инновациялық зертханалар да бар. Олардың бірі – тез және өте дәл молекулалық диагностика нәтижелерін беретін «GeneXpert» анализаторы.

– Фтизиопульмонология орталығының материалдық-техникалық базасын нығайтып, емдеу жағдайын жақсартуды жалғастыратын боламыз. Өкпе терапиясы бөлімшесінің бірінші қабатын жөндеуден өткізіп, компьютерлік томограф орнату қажет. Денсаулық сақтау басқармасы мен орталық басшылығына осы мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырдым, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz