«Қызылжар» футбол клубы екі жаңа ойыншымен толықты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қызылжар» футбол клубы жаңа маусым басталмас бұрын қатарларына жаңа аяқдопшыларды алуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл футбол маусымында команданың құрамы 80 пайызға жаңартылмақшы. «Қызылжар» ФК-ның президенті Григорий Лорияның айтуынша, Түркияда оқу-жаттығу жиынында бірқатар чемпионаттардан ойыншылар қаралды. Кейбірі солтүстікқазақстандық ұжым қосылып, келісімшарт жасасты.

Команда сапына қосылғандардың қатарында черногориялық футбол мектебінің түлегі – Митар Чукович. 28 жастағы ойыншы қорғаушы позициясында ойнайды. «Қызылжарға» дейін ол, черногориялық «Петровац», «Ловчен» клубтарында және сербиялық «Пролетер», «Напредрак», босниялық «Вележ» бен литвалық «Панавежис» клубтары құрамында өнер көрсетті. Соңғы маусымды Митар литвалық «Ритеряй» командасында ойнады.

Ал қатарға қосылған Шоқан Абзал – Қызылорда футбол мектебінің  түлегі. Бұған дейін қазақстандық вингер «Байқоңыр», «Қайсар», «Тұран» және «Оқжетпес» командаларында ойнады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz