Жол апатынан бір адам қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолда жүк көлігі мен жеңіл машина соқтығысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін «Жезқазған-Петропавл» тас жолында, Есіл ауданының Покровка мен Петровка елді мекендерінің аралығында болған. «Howo» және «Toyota Camry» көліктері соқтығысып, салдарынан жеңіл машинаның 43 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы: 45, 20 жастағы ересектер және 16 мен 17 жастағы жасөспірімдер түрлі жарақатпен емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Howo рулінде 62 жастағы ер адам болған. Медициналық куәландыру оның спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп, тиісті сараптамалар жасап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz