СҚО әкімі көпқабатты үйдің мәселесін шешуді тапсырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл Жабаев, 38 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйде болып, құрылыс кезінде кеткен кемшіліктерді түзетуге тапсырма берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жамбыл Жабаев, 38 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үй тұрғызғалы тұрғындар құрылыс жүргізген компанияға бірнеше рет шағымданған. Алайда баспананың олқылықтары түзетілмеді. Мәселені назарға алған облыс әкімі тиісті органдарға тапсырма берді. Белгілі болғандай, бас мердігер міндеттемелерін орындамай, үйдің құрылысын аяқтауға басқа құрылыс компаниялары тартылған еді. Дегенмен, орындалған жұмыстардың сапасына қатысты сұрақтар әлі де бар.

– Үйді аралап шыққан соң қала басшылығына мердігерді анықтап, барлық кемшіліктерді жоюды тапсырдым. Пәтер иелерінің тілектерін ескеру маңызды. Кемшіліктерді түзету жұмыстары көктемде басталады, бұл мәселе менің бақылауымда, — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz