СҚО-да арақтан бас тартқан бес ауыл бар

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да мүлдем алкогольдік ішімдіктер сатылмайтын бес ауыл бар. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД бастығының айтуынша, қылмыстардың дені маскүнемдермен жасалады. Бұл індетпен күрес полиция қызметіндегілерде жақсы жолға қойылған.

– Өткен жылы 219 адам мәжбүрлі түрде емдеу орнына жіберілді. Оның ішіндегі 120 азамат араққа тәуелділіктен емделуге екінші рет жатқызылды, — деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұдинов.

Полицияның мәліметінше, былтыр заңсыз айналымнан 12 мың литр алкоголь алынды. Спирттік өнімді заңсыз саудалаудың 293 фактісі анықталып, 559 адам профилактикалық есепке қойылды және алкогольге қарсы заңды бұзған үшін 10 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz