Павлодарда есту кемістігі бар спортшылар арасында шаңғы жарысынан ел чемпионаты өтті. Дәстүрлі біріншілікте өңір намысын Анастасия Соловьева қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жерлесіміз 5 шақырымдық қашықтықта классика әдісімен шаңғымен жүгіруден өткен сында алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ Анатасия Соловьева 1,2 шақырымды құрайтын спринтке де қатысып, жеңімпаз атанды. Енді солтүстікқазақстандық спортшы Түркиядағы Сурдлимпиада ойындарына аттанбақшы. Бұл байрақты бәсеке наурыздың 2-сі мен 12-сі күндері аралығында өтеді.
Ел чемпионатында жерлесіміз көрсеткен нәтижесі арқасында облыс командасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.