СҚО-да 4500 адам қаржылық сауатын арттырмақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл «Қарызсыз қоғам» жобасына 4500 мың солтүстікқазақстандық қатысуға ниетті,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған курстар ақпанның 5-нен бастап, Петропавлда, Айыртау, Есіл және Мамлют аудандарында өтуде. Жоба борышкерлердің санын азайтып, халықтың қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған.

Қаржылық сауаттылық жөніндегі сарапшы, тренер Дмитрий Шледевицтің айтуына қарағанда, курстан өтіп жатқандар арасында түрлі жағдайға тап болған жандар жетерлік. Халықтың басым көпшілігі аса қажеті жоқ тауарлар мен қызметтерді де несиеге рәсімдейді екен.

— Кеңес алуға қиын жағдайға тап болған тұрғындарды анықтаймыз. Мысалы, былтыр бағдарлама басталған кезде біз өз несиелері туралы айтқысы келмейтін жандармен кездесу өткіздік. Оның арасында 18 несиесі бар, қарызға белшеден батқан азаматқа көмектестік. Кредитін 18-ден 2-ге дейін оңтайландырдық. Бір сөзбен айтқанда, жоба өз нәтижесін береді, — дейді тренер Дмитрий Шледевиц.

Өткен жылы оқу курсы аясында несие бойынша берешегі бар 30-дан астам азамат заң көмегін алды. Қазір «AMANAT» партиясының өкілдері жұмыспен қамту орталығында әлеуметтік қызметкерлерді оқытып жатыр. Оның барысында олар қаржылық сауаттылықты арттырып қана қоймайды. Алаяқтардың арбауына түспеудің жолдары да көрсетіледі.

whatsapp image 2024 02 05 at 16.17.56

«Қарызсыз қоғам» жобасы желтоқсан айына дейін жалғасады. Өткен жылы 4 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қаржылық сауатын арттырды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz