СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлда құрғақ құрылыс қоспалары мен автоклавты газдалған блоктарды шығаратын «Mix Universal» кәсіпорнына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жаңа зауытты тұрғызуға 600 млн. теңге инвестиция жұмсалды, оның 400 млн. теңгесін кәсіпкер жеңілдетілген несие арқылы алған. Ал инфрақұрылым желілері мемлекет есебінен тартылды.
Жаңа өндіріс ошағының іске қосылуымен 60 жаңа жұмыс орны ашылды. «Mix Universal» толық қуатына шыққанда жылына 65 мың текше метрге дейін құрылыс материалдарын өндірмекші. Қазіргі уақытта газ блоктары мен қоспаларына жергілікті құрылыс компаниялары тапсырыс беріп жатыр.