Тіркелмеген қару

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері 12 күннің ішінде 8 тіркелмеген мылтықты тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Тәртіп сақшылары «Қару иесі» акциясы аясында азаматтық қаруы бар 4275 адамды тексерді. Нәтижесінде 29 облыс тұрғыны мылтықты сақтау ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Көп жағдайда қару иелері дабыл ақауларын байқамайды, оны орнату қару иелері үшін міндетті саналады немесе қару-жарақ сейфтерінде бөгде құндылықтарды сақтайды – бұған тыйым салынған.

Тағы 21 адам қаруларын белгіленген мерзімде қайта тіркемеген. Сондай-ақ тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтарды заңсыз сақтаудың 8 фактісі анықталды. Барлық тәртіп бұзушыларды полиция әкімшілік жауапкершілікке тартты.
16 калибрлі тіркелмеген ТОЗ мылтығын өз еркімен тапсырған Петропавл қаласының 49 жастағы тұрғыны жазадан құтылды. Оның айтуынша, қаруды Борки ауылының орман алқабынан тауып алған. Алдымен ер адам тапқан затты үйге әкелген, бірақ кейін оны полицияға тапсыруға шешім қабылдады.

– Егер адамның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, тіркелмеген қаруды заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен құтылудың жалғыз жолы оны тапсыру. Облыс тұрғындарынан қауіпті заттарды сақтаудан бас тартуды, жақын маңдағы аумақтық полиция бөлімшесіне ерікті түрде тапсыру туралы өтініш жазуды сұраймыз, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz