«Қызылжар» футбол клубының қатарына үш ойын қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қызылжар» клубы жаңа футбол маусымы қарсаңында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда. Оның аясында жерлестеріміз ресейлік «ФНЛ кубогы» жарысында бақтарын сынайды.
Клубтың спорт директоры Максим Зуевтің айтуынша, ФНЛ кубогының ойындары «Mardan Palace» стадионында өтеді. Солтүстікқазақстандықтар «Ахмат», «Акрон», «Родина», «Челябинск», «Дила» және «Арсенал — Тула» командаларымен ойнайды.
– Біздің мақсатымыз келер маусымға команданы жасақтау. Бұл мақсатта бірнеше ойын өткіземіз. Бүгіндері қатарымызға үш ойыншы қосылды. Екеуі «Қызылжар» футбол орталығының тәрбиеленушілері – Мирас Елеукин мен Жантөре Молдабаев. Сондай-ақ хорватиялық қорғаушы Зоран Нижич. Шетелдік аяқдопшы «ХНК Змай», «Брюссель» және «Хайдук» командаларында дп тепкен, — дейді Максим Зуев.