Желдің екпіні күшейеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да ақпанның 7-сі, 8-і мен 9-ы күндеріне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, өңірде алдағы үш күнде боран мен көктайғақ күтілуде.

Ақпанның 7-сі оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетпек, күндіз облыстың оңтүстігі мен батысында желдің екпіні екундына 30 метрге дейін жетуі ықтимал.

Ақпанның 8-і мен 9-ы күндері облыстың оңтүстік, оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 метр, кей жерлерде желдің екпіні 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Бұған дейін синоптиктер ақпан айында ауа температурасының плюс 2-ден минус 20 градусқа дейін ауытқуы туралы ескертті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz