Қырағы жол полицейлері

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері жолда қиын жағдайға тап болған Моңғолия азаматына көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жамбыл ауданы Пресновка ауылының маңындағы «Мамлют – Қостанай» автожолының 99-шақырымында 18 тонна газдалған сусын тиелген «MAN» жүк көлігі жолдан шығып кеткен. Оны тізгіндеген жүргізуші Қостанай қаласының 24 жастағы тұрғыны. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қырағы қызметкерлері көмекке келді. Жол пайдалану учаскесінің басшылығы мен “Жамбыл Агро-техника” ЖШС қарды тазарту үшін ауыр техника ұсынған. Жергілікті тұрғын Александр Казарец Урал жүк көлігімен «MAN» көлігін сүйреп шығарды. Тәртіп сақшылары осы жұмыстар кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысты.

«Челябі — Новосібір» тасжолының 588-шақырымында батальон қызметкерлері Моңғолия азаматына көмек көрсету үшін тоқтаған. Оның «Volvo» ауыр жүк көлігінің генераторы істен шыққан. Электр қуаты болмағандықтан, көлігі салқындай бастапты. Қызметкерлер жүргізушіге патрульдік көліктің салонында жылынуға мүмкіндік беріп, көлікті жөндеуге көмектесті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz