Бір күннің ішінде 49 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда абаттандыру ережелерін бұзудың 9 дерегін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қаласындағы № 11 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары «Айсберг» сауда дүкенінен 19 шағынауданға дейінгі аумақты жедел алдын-алу профилактикалық шарасын өткізді. Тәртіп сақшылары бұрын сотталған, отбасылық жанжал шығаруға әуестерді, ішкілікке салынғандарды, кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін қолайсыз отбасыларды, басқа да есепке алынған адамдарды, сондай-ақ притондар болуы мүмкін деген орындарды тексерді. Нәтижесінде олар 49 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның тоғызы абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты тіркелді.

– Рейдтердің негізгі мақсаты – мас күйінде жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қоғамдық орындарда мас күйде жүрудің 3 фактісі анықталды. Осындай жағдайлардың бірінде бұрын құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылған 35 жастағы қала тұрғынын әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдауға тура келді. Дүкендердің бірінде алкогольді өнімдер сағат 12-ге дейін сатылған. Бұдан басқа, қабылдап-тарату орнына тұрғылықты жері жоқ 9 адам жеткізілді, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмағамбетов.

Қару иелеріне де ерекше назар аударылды. Қаруды қайта тіркеу мерзімін өткізіп алған аңшылардың біріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұзушылық жойылғанға дейін оған тиесілі 3 қару тәркіленіп алынды. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты негізде жүргізіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz