Қазақстанда сирена қосылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

2024 жылғы 8-9 ақпанда елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

— Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылы қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз, — делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz