Дәрігерлер қала тұрғынының өміріне араша түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдық дәрігерлер ішке қан кеткен қала тұрғынының өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жақында петропавлдық азамат бас айналып, өзін әлсіз сезінген соң ауруханаға барды. Науқасты тексерген дәрігерлер дереу отау жасауға бел буды.

– 55 жастағы ер адамның асқазанынан қан кетті. Салдарынан ол өзін әлсіз сезініп, басы айналған. Сондай-ақ үлкен дәретте нәжісінің түсі қара болған. Мамандар шұғыл түрде ота жасады. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты. Қала тұрғыны ауруханада жатып, дәрігерлердің бақылауында болады, — дейді жедел медициналық жәрдем қызметінің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер асқазан-ішектен қан кетті-ау деген күдік туындаған кезде әр минут маңызды екенін айтады. Сондықтан медициналық мамандарға жүгінуді кешіктірмей, көмек алу үшін дереу ауруханаға барған маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz