Көлікті айдап кеткен азамат ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері мас күйде көлік айдап әкеткен адамды ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

5 ақпан күні сағат 09:30 шамасында Петропавл қаласының тұрғыны оның «Volkswagen Amarok 2h» автокөлігін айдап әкеткенін айтып, полицияға жүгінген. Өтініш берушінің айтуынша, көлік бір сағат бұрын автокөлікті жууға қалдырылған. Зардап шегушінің айтуынша, шығын 12 миллион теңгені құраған.

Полицейлер «Ұстау» жоспарын енгізіп, ұрланған автокөлікті іздеуге автопатрульдер мен бейнебақылау операторлары бағыттады. Көп ұзамай “Volkswagen” автокөлігі Жамбыл көшесінде тоқтатылды.

– Көлік құралын заңсыз иемденді деген күдік бойынша рөлде болған 28 жастағы көлік жуу сервисінің жұмысшысы ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, ол мас күйінде болған, бұл жол қозғалысының барлық қатысушыларына қауіп төндіреді. Тексеру барысында оның көлік басқару құқығы жоқ екенін көрсетті, сондықтан ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының талаптарына сәйкес, 20 тәулік қамауға алынады, – деп хабарлайды Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Әкімшілік жазаны өтегеннен кейін ер адамға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл бабтың 1-бөлігінің санкциясында 2 мың айлық есептік көрсеткіштен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz