Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Құмар Күсемісов қызметінен кетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Құмар Күсемісов СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін 2022 жылдың күзінен атқарды. Әзірге оның орнын кім басатыны белгісіз.
Құмар Күсемісов Қарағанды қаласындағы мемлекеттік медициналық академияны «емдеу ісі» мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Қарағанды қаласындағы фтизиопульмонология орталығының жансақтау бөлімінде бастады. 2010 жылы Аққайың аудандық орталық ауруханасының хирургі, кейін аталмыш аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болды.
2016 жылдан 2020 жылға дейін СҚО полиция департментінің госпиталінде басшылық еткен.
2020-2022 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды. Кейін аталмыш ведомстваның басшысы болып тағайындалды.