Заңсыз аң аулаған браконьерлер анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста заңсыз аң аулаудың екі фактісі анықталды. Аңшылар еш жерде тіркелмеген мылтықтармен ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Браконьерлер екі жағдайда да сібір еліктерін атқан. Фактінің бірі Айыртау ауданында тіркелсе, екіншісі Шал ақын ауданында орын алды. Ұсталған үш азаматтан тіркелмеген мылтықтар тәркіленді. Енді олар ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Полиция департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мобильдік топтар құрды. Олар күн сайын заңсыз аңшылық фактілерінің жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Қазір аша тұяқты жабайы жануарларды атуға тыйым салынғанын еске саламын. Мұндай фактілер анықталған жағдайда құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылады, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах

Ақпан айының басынан бері өңірде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Тәртіп сақшылары жеті күн ішінде 91 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 62-сі – аңшылық, 21-і – балық аулауға қатысты еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz