Егістік алқабы 2 есеге ұлғайтылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл өңірде егістік алқабы 2 есеге ұлғайтылады. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жетекшісі Мейрам Меңдібаев мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі mtrk.kz телеарнасына сілтеме жасап.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл басымдық азықтық дақылдарға беріледі.

– Қарақұмық алқаптарының көлемі 24 гектар болған. Биыл ол 26 мың гектар жерге себіледі. Картоп 1,4 гектар жерге егілсе, жалпы көкөніс алқабы 1,6 мыңға ұлғайтылды, — дейді Мейрам Меңдібаев.

Сондай-ақ белгілі болғандай, биыл диқандарды жеңілдетілген жанармаймен қамту, минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағытында жұмыс жалғасын таппақ. Қазірдің өзінде жанармай алу мақсатында аграрийлерден 1446 өтініш келіп түсті.

– Биыл облыс 256 мың тонна көлемінде минералды тыңайтқыш сатып алмақ. Ол шамамен 3 млн гектар алқапқа енгізіледі. Осы жылы өсімдік шаруашылығын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 24 млрд. теңге бөлінді. Оның 7 млрд-тан астамы тыңайтқыштарға бағытталмақ, — дейді басқарма басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz