СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөлдегі Қызылжар аудандық аурухананың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Аудандық аурухана жанында емхана да жұмыс істеп келеді. Емдеу мекемесіне тәулігіне 200 адамды қабылдай алады.
— Қызылжар ауданында жаңа баспаналар тұрғызылып, тұрғындар саны көбеюде. Сондықтан халыққа сапалы медициналық қызмет түрлерін көрсететін жаңа ғимарат қажет. Ол үшін экономикалық есептерді жасап, оның негізінде жаңа емхананың құрылысы туралы шешім қабылданады, — деді СҚО әкімі.
Биыл облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 медициналық нысан салынады. Қызылжар ауданында Большая Малышка, Пресновка, Асаново, Новокаменка, Пеньково, Белое, Налобино және Кондратовка ауылдарында 8 медициналық ұйым тұрғызылмақшы.