СҚО әкімі: «Қызылжар ауданында жаңа емхана салу қажет»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Бескөлдегі Қызылжар аудандық аурухананың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz

Аудандық аурухана жанында емхана да жұмыс істеп келеді. Емдеу мекемесіне тәулігіне 200 адамды қабылдай алады.

— Қызылжар ауданында жаңа баспаналар тұрғызылып, тұрғындар саны көбеюде. Сондықтан халыққа сапалы медициналық қызмет түрлерін көрсететін жаңа ғимарат қажет. Ол үшін экономикалық есептерді жасап, оның негізінде жаңа емхананың құрылысы туралы шешім қабылданады, — деді СҚО әкімі.

Биыл облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 медициналық нысан салынады. Қызылжар ауданында Большая Малышка, Пресновка, Асаново, Новокаменка, Пеньково, Белое, Налобино және Кондратовка ауылдарында 8 медициналық ұйым тұрғызылмақшы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz