Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында секундына 18-23 метрге жетеді.
Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.
Түркістан облысының орталығында, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. қ.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.