Синоптиктер 11 өңірде тұман мен көктайғаққа байланысты ескерту жасады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 12 ақпанда бірнеше өңірдегі қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында секундына 18-23 метрге жетеді.

Алматыда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының орталығында, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарда жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. қ.

Шымкентте кей уақытта тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz