Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен бойжеткен қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында жарақат алған 20 жастағы бойжеткен бір аптадан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыр жарақаттың салдарынан комаға түскен қызды өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, жүрек-қан тамыр қызметі арнайы препараттардың көмегімен жұмыс істеді. Жол-көлік оқиғасы кезінде оның өмірлік маңызды органдарына зақым келген, жабық бас-ми жарақатын алған, қан құйылып, бас сүйегі бірнеше жерден сынған.

Сол жол-көлік апатында жарақаттанған 45 жастағы әйелдің де жағдайы нашар, ес-түссіз жатыр. Ол да бас сүйек жарақатын алған, миы соғылып, қан құйылған, маңдайы жыртылып, бас сүйегі сынған.

Естеріңізге салайық, жол-көлік оқиғасы 2 ақпан күні «Жезқазған-Петропавл» тас жолында, Есіл ауданының Покровка мен Петровка елді мекендерінің аралығында болған. «Howo» жүк көлігі мен «Toyota Camry» соқтығысып, салдарынан жеңіл машинаның 43 жастағы жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz