Мүгедектерден заңсыз салық алынып отырған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста мүгедектерден жеке табыс салығы мен басқа да төлемдер негізсіз алынып отырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс прокурорлары халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау бойынша қадағалау жұмыстары шеңберінде бірқатар өрескел құқық бұзушылықтарды анықтады. Мамлют, Шал ақын және Тайынша аудандарында жұмыс берушілер 2022-2023 жылдары мүгедек балалары бар 74 адамнан жалпы сомасы 6,6 млн. теңге жеке табыс салығын ұстап отырған. Ал заңға сай олар аталған салықты төлеуден босатылған.

– Жұмыс берушілер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 346-бабын бұзған. Ақжар ауданында да 19 мүгедектен көлік және мемлекеттік баж салығы заңсыз ұсталып келген. Бұл да кодекс талаптарына қайшы келеді. Прокурорлық қадағалаудан кейін мемлекеттік кіріс органдары жоғарыда аталған тұлғаларға 2,3 млн теңгені қайтарды. Қалған сома бойынша жұмыс жалғасуда, – дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz