СҚО-да туу көрсеткіші қайтыс болғандар санынан аса алмай келеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша халық саны 530,1 мың адамға жетті. Өңірдегі демографиялық жағдай жайында ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаменті хабардар етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 270,8 мың адам немесе халықтың 51,1% ауылда тұрып жатыр.

Былтыр облыста 5572 нәресте дүниеге келген. Оның 2848 — ұлдар, 2724 — қыздар.

Жаңа туған балалардың 41,4% — Петропавл тұрғыны.

Ал аудандар арасында туу көрсеткіші бойынша Уәлиханов ауданы 16,09 промиллемен алда келеді.

Ең төмен туу көрсеткіші М. Жұмабаев ауданында — 9,12 промилле.

Өткен бір жылда 5898 адам қайтыс болды.

Негізгі өлім себептерінде қан айналым жүйесі ауруларының үлесі жоғары — 15,6% болса, 14,1% — тыныс алу органдарының аурулары, 9,1% — ас қорыту органдарының аурулары, 8,1% — қатерлі ісік және 7,1% жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану алады.

Былтыр өңірде 3126 жұптың некесі тіркелді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімдерін ескерусіз 674 отбасы ажырасты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz