Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
2024 жылдың 12 ақпанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды үндеу жасады. Ол қолайсыз ауа-райында адамдарды құтқарып қалған қазақстандықтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы марапатқа ерекше көзге түскендерді ұсынуға уәде берді.

— Жуырда еліміздің бірқатар өңірінде табиғат тосын мінез танытып, жағдай қиындаған кезде жергілікті атқарушы биліктің, Төтенше жағдайлар министрлігінің және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медицина мамандары, коммуналдық қызмет пен автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету саласының өкілдері, сондай-ақ басқа да азаматтар халықтың қамы үшін жанқиярлықпен еңбек етті, — деп жазылған ресми ақпаратта.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың бәріне шын жүректен алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.

— Еңбегі ерен бір топ азамат мемлекеттік наградаға ұсынылды, — деп жазылған ақпаратта.

Өткен аптадан бері елде қолайсыз ауа райы сақталып келеді. Қарлы боран мен нөлден төмен температура қазақстандықтар үшін көптеген қолайсыздықтар туғызуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz