Кәсіпкерлер колонияға телефон өткізбек болған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-дағы колонияға жеке кәсіпкерлер бірнеше телефон өткізбек болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Ақпанның 12-сі күні облыстық ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде жедел және режімдік бөлімнің қызметкерлері өздерінің қауіпсіздік тобымен бірлесіп, жеке кәсіпкерліктің бірінің директорының құрылыс материалдарын тексеру барысында бірден 8 телефон, 8 SIM-карта, 2 қуаттағыш және 5 жұп құлаққап тапты. Сол күні №28 мекемеде автокөлікті тексеру кезінде өсімдік тектес заттары бар екі байлам табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылып, сот-химиялық сараптама тағайындалды.Мобильді құрылғылар мен тыйым салынған заттар тәркіленді.

Тыйым салынған заттарды жеткізуге тырысқан азаматтар жауапқа тартылды. Еске сала кетейік, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегілерге тыйым салынған заттар мен басқа да бұйымдар бергені үшін әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Бүгіндері қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 4 мыңға жуық сотталғанды жұмыспен қамтамасыз ететін 287 шағын және орта бизнес кәсіпорны жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz