Шайбалы хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігі аясында жергілікті «Құлагер» клубы атыраулық «Бейбарыспен» кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ойын Атырау қаласында өтті. Бірінші кезеңде жерлестеріміз қарсыластарынан бір шайба өткізіп алды. Екінші бөлім басталысымен «Бейбарыс» хоккейшілері есепті еселеді. Кейін жерлестеріміз барын салып, үш бірдей нәтижелі соққа жасап, қорытынды 2:3 есебін тіркеді. «Құлагер» клубы сапында Герман Грачев, Александр Своеволин және Алексей Закарлюкин көзге түсті.