Бес миллион теңгесінен айырылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл тұрғыны алаяқтардың құрығына түсіп, 5 млн. теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақында қала тұрғынына бәзбіреу хабарласып, өзін банк қызметкері деп таныстырған. Қоңырау шалған азамат петропавлдықты ақшаның бір бөлігін қауіпсіз есепшотқа аудару қажетігіне көндірген. Осылайша жәбірленуші бір мезетте 5 миллион теңгесінен айырылды.

– Егер біреулер сіздің шотыңызға қол сұғушылық жасалуда, ұялы байланыс нөмірі өшірілуі мүмкін немесе мүлікке тыйым салумен қорқытатын болса, хабарланған ақпаратты ресми арналар арқылы қайта тексеріңіз. Қоңырау шалушыдан оның қалалық нөмірін сұрап, ақпаратты ұйымның ресми телефоны арқылы хабарласып тексеруге болады. Күдікті қоңырауды алған соң, сөйлесуді тоқтатып, “102” арнасына қоңырау шалыңыз, – дейді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Жыл басынан бері бірінші полиция бөлімінің аумағында ғана желілік алаяқтықтың 30 фактісі тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz