Ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекеттен 60,8 млрд. теңге бөлінеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жұмыс жалғасын табады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтың айтуынша, биыл егістік алаңы — 4,5 млн. гектарды құрамақ. Оның 3,4 млн. гектарына дәнді, 751 мың гектарына майлы және 379 мың гектарына жемшөп дақылдары егіледі.

– Азық-түлік қауіпсіздігін және ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қарақұмық алқабы 24 мыңнан 26 мың гектарға дейін, картоп – 6 мыңнан 7,7 мың гектарға дейін ұлғайтылатын болады, — деді Марат Тасмағанбетов.

Биыл топыраққа 256 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштар енгізу жоспарлануда. Сұрыптарды жаңарту көрсеткіші 10% дейін жетпекші.

– Облыста су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, суармалы жерлер алаңын біртіндеп ұлғайту жөніндегі іс-шаралар көзделген. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын суару алаңы 5,4 мың гектарға дейін ұлғайтылады, — деп толықтырды облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Биыл ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттен 60,8 млрд. теңге бағытталады. Оның 20,4 млрд. теңгесі — өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға жұмсалмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz