Үрейден арылмағандар

Петропавлда былтыр газ баллоны жарылған көпқабатты үйде өрт шықты.

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өрт түнде, екінші қабаттағы 1 бөлмелі пәтерде шыққан.  Өрт сөндірушілер хабар түсісімен   оқиға орнына 7 минутта жетті.

 

  • Құтқарушылар келгенде терезеден қою түтін  шығып жатты. Есіктер жабық болғандықтан, бұзуға тура келді.  Бірінші және екінші қабаттағы тұрғындарды  баспалдақ аррқылы  дереу қауіпсіз жерге шығардық. 23 адамның төртеуі бала. Құтқарылған 4 адамның біреуі бүлдіршін,- деді   облыстық төтенше жағдайлар департаменті  баспасөз қызметінің мамандары.

 

Өрт сөндірушілердің ширақ қимылының  арқасында от ошағын 6 минут ішінде ауыздықталып, 11 минутта  толық сөндірілді.

Өртті сөндіруге  23 маман жұмылдырылған. Тілсіз жау 18 шаршы метр аумақты шарпып, үйдегі жиһаз бен тұрмыстық техника,  иелерінің жеке заттары  жанып кетті. Қазіргі күні залал есептеліп,  өрттің шығу себебі анықталуда.

Абырой болғанда  ешкім   өліп, жарақаттанған жоқ. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары газ баллондары мен тұрмыстық техниканы, электр құрылғыларын пайдалану кезінде барынша сақ болу керегін ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz