Мәдени құндылықтар туралы онлайн-портал ашылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл 8 тілде ақпарат тарататын «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады. Онда әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетімізбен таныса алады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Еліміздің мәдени саласында шешілмеген дүние көп, бірақ бұл бізде толыққанды қалыптасқан, бай мұрасы, елге көрсетер тәлім-тәрбиесі, мақтанышпен айтар әңгімесі бар төл мәдениет жоқ деген сөз емес. Біз барымызды ұқсатып, жоғымызды жаңғыртып, ең алдымен, өз халқымызға, сосын сыртқы жұртқа ұсынуымыз керек. Мәдени құндылығымызды тек музей, театр, концерттерге шақыруымен, көрмелер мен турлар ұйымдастырумен шектемеуіміз қажет, — деді Аида Балаева.

Осы ретте, биыл алғаш рет 8 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады.

— Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау. Мұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 млн «виртуалды турист» қабылдайды, — дейді Аида Балаева.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz