СҚО полицейлері жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдан Көкшетау қаласына бара жатқан «MAN» жүк көлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері мен жол ұйымдарының көмегі қажет болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен демалыс күндері рейсті тезірек аяқтауды жоспарлаған жүргізуші «Мамлютка — Қостанай» автожолын қардан тазартып жүрген «ДЭУ-53» ұйымының жол техникасын басып озбақ болғанда жолдан шығып кеткен. Көлікті «К-700» тракторы бірден сүйреп шығара алмады. Жүргізуші кабинада түнеуге мәжбүр болды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, таң атқан соң көмек көрсетті.

Жол ұйымының ауыр техникасынан бөлек, автокран келді. Оны жергілікті тұрғын Алексей Рогозин жіберді. Жүк көлігін жолға шығару үшін жол сақшылары осы учаскедегі қозғалысты уақытша тоқтатты. Алдымен тіркемесі, кейін көліктің өз ішығарылды.

– Қыс кезінде жол үстінде асығыстық жасамауды сұраймыз. Жылдамдық режімін сақтап, мұз басқан, қалың қар жатқан қиын учаскелерде өзге көліктерді басып озбау керек. Құтқару қызметінің жолдарды жабу туралы хабарламаларын бақылап отырған жөн, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz