СҚО-да екі аптадан бері 65 жастағы әйел табылмай жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында Шал ақын ауданы Семиполка ауылының тұрғыны Баян Мақатоваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Волонтерлер таратқан мәлімет бойынша, Баян Қайранасқызы 2 ақпан күні сағат 9.00 шамасында үйінен шығып кеткен. Содан бері хабар жоқ.

Әйелдің психикалық дерті бар. Бойы 160-165 см, толықша келген. Шашы қысқа қырқылған, қоңыр түске боялған.

Сол күні үстінде күзен терісінен тігілген бас киім, қоңыр тон, қара түсті шалбар, қара былғары етік, қолында көк торлы сөмке болған.

Баян Мақатованы көрген-білгендер «102» немесе 8 747 628 35 31, 8 926 626 64 33 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz