Қаладағы дәмханалардың бірінде екі топ арасында жанжал туып, соңы пышақ сұғумен аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сөзге келіспеген екі топ арасында жанжал туды. Салдарынан азаматтардың бірі екіншісін пышақпен жарақаттады. Жәбірленуші дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Полицияның жедел-іздестіру тобы бұрын бірнеше рет сотталған 27 жастағы Петропавл тұрғынын анықтады.
– Ұстау кезінде ол әлі де мас күйінде болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды, – деді ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.