Желтоқсанның 15-не дейін 208 жайлы мектеп пайдалануға беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін 208 жайлы мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын баяндаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Ұлттық жобаға сәйкес мектептер құрылысын салу және оларды уақытылы қолданысқа беру «Самұрық-Қазына Констракшнге», жер учаскелерімен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету өңір әкімдеріне жүктелген. Өткен жылы «Самұрық-Қазына Констракшн» 208 мектепті жобалауды және салуды бастады. Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері осы жылы 9 мектепті жеке құрылыс салушылардан сатып алуды жоспарлап отыр, — деді министр.

Оның атап өтуінше, жаңа оқу жылы басталғанға дейін 98, ал қалған 110 нысанды 2024 жылдың 15 желтоқсанына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

— Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сынын ескере отырып, біз ұлттық жобаны сапалы іске асыруды қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз. Ол үшін барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар Ұлттық жобада қойылған нақты міндеттерді сапалы орындауы қажет, — деді Ғани Бейсембаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz