Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қала тұрғындарымен өткен кездесуде баспана мәселесіне тоқталды. Өңір басшысы биыл Петропавлда құрылыс қарқыны бәсеңдемей, жастарға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын алға тартты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімі биыл Петропавлда «Қызылжар жастары» бағдарламасы аясында баспаналы бола алатынын жеткізді. Оның сөзінше, жаңа тұрғын үйлерден пәтер денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, азаматтық қорғаныс және энергетика салаларында қызмет ететін жас отбасыларға берілетінін айтты.
– Осы жылы Петропавлда 20 көпқабатты баспана тұрғызылады. Оның бірі жалдамалы коммуналдық үй болмақ. 50 пәтер әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қарастырылған. Бұл, әрине, аздық етеді. Сондықтан жыл соңына дейін қосымша 93 азаматқа баспана беру көзделіп отыр, — деді СҚО әкімі.