Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында алғаш рет робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың «ROBOLAND-2024» IX халықаралық фестивалі аясында аймақтық байқау өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Байқаудың мақсаты – роботтарды жобалау сонымен қатар инженерлік ғылымдармен басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау әрі қолдау көрсету.
Байқауға облыстың білім беру ұйымдарынан 68 оқушысы, 41 команда қатысты. Командалар 11 санатқа бөлінді. Қатысушылар асқан қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, білімнің шексіздігінен алған әсерлерін жасыра алмады. Әр санат бойынша жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.