Мобильді аударымдар 30 пайызға қысқарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлттық банктің статистикалық деректеріне сәйкес, қаңтар айында елімізде мобильді аударымдар арқылы жасалатын төлем көлемі шамамен 30 пайызға қысқарды. Бұл туралы аталған банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп жазады Qyzyljarnews.kz.

— Біз тіпті кейбір нүктеде қолма қол валютаны қосымша нығайтуымызға тура келді. Өйткені, бастапқыда адамдар қолма қол ақшаға жүгірді. Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан түсіндірулер, кеңестер берілгеннен кейін жағдай тынышталды және алдағы уақытта да тыныштала береді. Өйткені, мұнда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма қол ақшасыз төлем деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз, — деді ол елордада өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, осы жылдың басынан бастап әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіле бастады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz