«Қуаныш» пен «Берел» клубтары кезекті жеңістеріне қол жеткізді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының төртінші турында Өскеменнің «Берелі» мен «Алматы» командалары кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Турнир кестесінде үздік үштікте тұрған «Берелді» Ришат Гилязутдинов жаттықтырса, «Алматының» бапкері оның ағасы Рафаэль Гилязутдинов еді.

Үш партияда да Ришаттың шәкірттері басымдылық тізгінін уысынан шығарған жоқ – 3:0 (25:17, 25:17, 25:16).

Осы ойыннан кейін 50 ұпай жинаған өскемендіктер «Жетісу» командасымен екінші-үшінші орынды бөлісіп тұр. «Қуаныш» (СҚО) бұрынғыша көш бастаса, 49 ұпайы бар «Тұран» (Түркістан) төртінші, «Алматы» (43 ұпай) бесінші орында келеді.

Бүгін сондай-ақ «Жетісу» Павлодардың «Ертісін» 3:0 (25:18, 25:14, 25:13), «Қарағанды» Өскеменнің «Алтайын» 3:0 (25:22, 25:17, 25:22) есебімен ұтты.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz