Мемлекеттік қызметке кір келтірген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығында әдеп кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округінің әкімі Торғын Күйшбаеваға және Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Сұлтановқа қатысты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасау фактілері бойынша тәртіптік  істер қаралды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тәртіптік істерді қарау барысында белгілі болғандай ауылдық окрук әкімі Торғын Күйшбаева мен жеке кәсіпкер арасында бос уақыт өткізу орталығының ғимаратына бейнебақылау жүйесін орнату бойынша құны 1 млн. теңге болатын мемлекеттік сатып алу келісімі жасалған. Белгілі болғандай аталған жұмыстар орындалмаса да, жұмысты орындау актіне қол қойылған.

— Ауылдық округ әкімі орындалмаған жұмыстар туралы құжатқа қол қою, төлем жасауда олқылыққа жол берген. Сондықтан Бидайық ауылдық округының әкімі осы әрекетімен мемлекеттік қызметтің мәртебесіне нұқсан келтірді деп санаймын,-деді Уәлиханов ауданының прокуроры Еркеш Оспанов.

Өз кезегінде Торғын Күйшбаева өз кінәсін мойындап, бүгінде аталған жұмыстардың орындалғанын жеткізді. Айтуынша ол кәсіпкердің жұмысты жаңа жылға дейін аяқтау туралы сөзіне сеніп қалған. Кейін ауа райы бұзылып, ауылға жолдың болмауынан бейнебақылу жүйесі тек қаңтардың ортасында орнатылыпты.

Ал Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Сұлтановқа қатысты мәселені қарау барысында Мичурино ауылында тарату желілерін жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасаудағы жөнсіздіктер мәлем болды. Бөлім басшысы бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындау керек болған серіктестік жұмыстарды аяқтамаса да актке қол қойған. Келісілген 6,7 млн. теңге серіктестіктің шотына түсіп қойған. Жыл басталғалы екі айға жуық уақыт өткеніне қарамастан серіктемстік мойнына алған міндетін әлі орындамаған.

— Мұндай жағдай орын алғаны рас. Өзім жіберген олқылықты мойындаймын. Бюджет қаржысын игеріп, жобаны тез арада аяқтап, жыл басында жаңғырту жұмыстарына қаржы қарастыру үшін кепілдеме хат негізінде осындай шешім шығардым,-дейді Азамат Сұлтанов.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Торғын Күйшбаеваға қызметтік толық емес сәйкестік туралы ескерту түрінде тәртіптік  жаза  қолдануды, Азамат Сұлтановқа жұмыстан босату түрінде тәртіптік жаза қолдануды ұсынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz