Ауылдық округтердің әкімдері сайланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың бес ауданындағы жеті ауылдық округке әкімдер сайланды. Үміткерлердің арасында 8 әйел болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясының ақпаратынша, сайлауға барлығы сегіз мыңға жуық адам қатысып, саяси науқан кезінде 17 учаске жұмыс істеді.

Мамлют ауданында 1046 сайлаушының 765-і дауыс берді. Дубровинка ауылдық округінің әкімі болып Михайловка орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 37 жастағы Павел Титов сайланды. Ол «AMANAT» партиясы Мамлют аудандық филиалы атынан қатысты.

М.Жұмабаев ауданына қарасты Авангард ауылдық округінің әкімі сайлауына 631 сайлаушының 444-і келіп, өз таңдауын жасады. Нәтижесінде әкім болып 45 жастағы Александр Конюшевский сайланды.

Уәлиханов ауданында Амангелді ауылдық округі әкімінің сайлауында 154 дауыс берушінің 130-ы тіркеліп, өз таңдауын жасады. Осылайша 41 жастағы Саян Құрманбаев округ әкімі болып таңдалды. Ол – «AMANAT» партиясының мүшесі.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік және Чистополь ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауға 550-і дауыс беруге келді. Әкім лауазымында 39 жастағы Азамат Аржикеев сайланды. Ол да «AMANAT» партиясының мүшесі. Ал 43 жастағы уақытша жұмыссыз жүрген Владимир Руденки Чистополь ауылдық округінің әкімі болды.

Қызылжар ауданындағы Рощинск және Якорь ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Оған 1 225 тұрғын қатысты. Рощинка ауылдық округінің әкімі болып 40 жастағы уақытша жұмыссыз жүрген Руслан Айтов сайланды.
Якорь ауылдық округі әкімі болып 43 жастағы Валерий Тихой сайланды. Округте тұратын 1690 дауыс берушінің 1446 саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz